Қызылорда облысында жол-көлік апатынан бір адам қайтыс болып, бес адам жарақат алды
04:15, 21 Шілде 2024
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында жол-көлік апатынан бір адам оқиға орнында қайтыс болып, бес адам дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.
Оқиға 20 шілдеде «Самара-Шымкент» тас жолының Сырдария ауданы Шаған елді мекені тұсында, болған.
«Тәжікстаннан Ресей мемлекетіне бағыт алған „Kia Rio“ автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағыттағы көлікке соқтығысып бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Бес адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада аса ірі көлемде алаяқтық жасап, қашып кеткен адам қолға түсті.