ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында екі автокөліктің соқтығысуынан болған жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды.
Оқиға 13 тамызда Шиелі ауданы аумағындағы «Шымкент-Самара» тас жолының Сұлутөбе аулының тұсында болған. Екі автокөліктің соқтығысуынан болған жол апатында бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Қызылорда облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында сегіз адам мінген автокөлік аударылып, бір адам көз жұмды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.