ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында автокөлік Самара-Шымкент» тас жолының бойында тұрған автокөлікке соқтығысқан. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмды.
Оқиға Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сазды елді мекенінің тұсында «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған.
«Toyota Alphard» маркалы автокөлігі жол бойында тұрған «Mercedes benz» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Mercedes benz» жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысының тұрғыны мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.