Қызылорда облысында жүк көлігінің тас тиелген тіркемесі босап кетіп, қарсы бағытта келе жатқан автобусқа соқтығысқан. Оқыс оқиға салдарынан дене жарақатын алған 4 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға 26 қарашада, сағат 18:50 шамасында Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы тұсында «Шымкент-Самара» тас жолы бойында болған.
«Тас жол бойында «КаМАЗ» жүк көлігінің тас тиелген тіркемесі босап кеткен. Салдарынан жүк көлігінің тіркемесі қарсы бағытта Шымкент қаласына бара жатқан автобусқа соқтығысқан. Оқиға барысында 4 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қыылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жоқ көліктерді сатқан 27 жастағы әйел қолға түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.