ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысы Арал ауданындағы олимпиада білім беру орталығы өртеніп, тілсіз жаудан 60 адам эвакуацияланды.
13 сәуірде сағат 04.27-де Арал ауданына қарасты Қамыстыбас елді мекеніндегі «Қамбаш олимпиада білім беру орталығы» моншасында өрт шыққан. Онда ішкі ағаш қаптамалары жанған.
«Орталықта болған 60 адам өз күшімен эвакуацияланды. Өрт сағат 05.40-де толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаменті және департаменттің жедел-құтқару жасағынан 12 қызметкер мен 3 техника жұмыс істеді», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.