Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қызылорда облысының әкімінен: «Жол бойындағы сервистік объектілерді Ұлттық стандарттарға сәйкес келтіру үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?», - деп сұраған еді.
Оның атап өтуінше, Қызылорда облысы бойынша Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық авомобиль дәлізінің бойында 53 сервистік объекті жұмыс істеп тұр.
«Онда 1 050 адам жұмыспен қамтылған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 47 объекті Ұлттық стандарттарға сәйкестендірілді. Бұл 88,6 пайызды құрайды. Қазіргі таңда республика бойынша Қызылорда облысы алғашқы үштікке кіреді. Барлық объекті Интернетке қосылған және Google Maps, Яндекс карта жүйелеріне енгізілген. Бүгінде 2004 жылдары салынған, стандарттарға сай емес 6 кешен бойынша тиісті жұмыс жасалып жатыр. 2 нысан жыл соңына дейін, ал қалған 4 нысан келесі жылдың басында ретке келтіріледі. Алдағы уақытта бой көтеретін жол сервистік объектілердің стандартқа сай болуын қамтамасыз етеміз», - деді Нұрлыбек Нәлібаев.