Қызылорда облысының полиция бөлімінде алғашқы кітапхана ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — 23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай Қызылорда облыстық полиция департаментінің Жалағаш аудандық бөлімінде алғаш рет кітапхана ашылды.
Ұйымдастырушылар кітапхана тәртіп сақшыларының біліміне білім қосады деп үміттенеді. Шараға шақырылған полиция бөлімі бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері және бөлім басшылығы кітапханаға кітаптар сыйлады. Сыйға тартылған кітаптар оқу залындағы арнайы кітап бұрышына орналастырылды.
Кітап сыйлаушылар жас полиция қызметкерлеріне бірнеше кітаптың мазмұнын әңгімелеп, оларға қызметтен бос уақытта кітап оқып, рухани-танымдық көкжиегін кеңейтуге кеңес берді.
Кітапхана қорын тағы жаңа кітаптармен, танымдық басылымдармен толықтыру жоспарланып отыр.
Ал жуырда Қызылордада дәстүрлі «Әдеби автобус» жобасы аясында «Кітап QALA» атты мерекелік шара өтті. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі оны 23 — сәуір Ұлттық кітап күніне арнады.