ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINORM – Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен Ризабек Кәрімұлы Ожаров Қызылорда облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.
Ризабек Ожаров 1972 жылы дүниеге келген.
1996-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарған.
2017-2019 жылдары Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымдарында болған.
2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін басқарған.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысының табиғи ресурстар басқармасына жаңа басшы тағайындалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.