Гүлмира Жамбылқызы 1969 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Қызылорда мемлекеттік медициналық училищесінде «Емдеу ісі, фельдшер» мамандығы бойынша білім алса, 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік институтын «Медико-профилактикалық іс» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда темір жол СЭС-інде паразитология бөлімінің дезинструкторы болып бастап, әрі қарай лаборант-химик, коммуналдық гигиена бойынша санитар дәрігердің көмекшісі қызметтерін атқарды.
1995-1998 жылдар аралығында Арал аудандық СЭС-інде дезинфекционист-дәрігер қызметінде болды.
1999-2017 жылдар аралығында Қызылорда қалалық СЭС-те өндіріс гигиенасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы, жалпы санитариялық қағадағалау, тағам нысандарын қадағалау бағыттары бойынша бас маманнан бөлім басшысына дейін сатылап көтерілді.
2017-2023 жылдар аралығында Қызылорда қалалық СЭББ басшысының орынбасары, 2023 жылдан басшысы қызметін атқарды.
Еске салсақ, бұдан бұрын аталған қызметте болған Динара Олжабайқызы Жаңабергенова БҚО санитариялық-эпдемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.