«Ер адамды Қызылорда облысы Полиция департаментінің және „Охотзоопром“ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы инспекторлары прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шара барысында ұстады. Ол «Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды шетелге сату мақсатында заңсыз аулаған», — деп жазды құзырлы органнан.
Тұрғынның үйіне тінту жүргізу барысында сұңқар тектес 2 құс алынды. Қазіргі таңда құстар Шымкент зоологиялық саябағына тапсырылды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент зообағында сирек кездесетін ерекше жануар төлдеген болатын.