Қызылорда облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы лауазымына Сәкен Мырзабек тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Сәкен Салхадинұлы 1980 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда облысы бойынша салық комитетінің бөлімінде бас маман ретінде бастаған. Әр жылдары облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы, басқарма басшысы, Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында абыройлы еңбек етті.
2023 жылдың қазан айынан осы күнге дейін облыстық тексеру комиссиясының мүшесі болды.
Бұған дейін біз Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Ләззат Айтымбетова тағайындалғанын жазғанбыз.
Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.