Қызылорда облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы тағайындалды

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып Мөлдір Тәуіпбаева тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады

Мөлдір Сұлтанбекқызы 1978 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясында «Халықаралық экономикалық қатынастар», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Құқықтану», Алматы менеджмент университетінде «Іскерлік әкімшілік» мамандықтары бойынша білім алған.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі. Америка Құрама Штаттары Оңтүстік Калифорния университетінің «Халықаралық мемлекеттік саясат және басқару» магистрі. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1999 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің зерттеушісі болып бастаған. Әр жылдары Қызылорда инженерлік-экономикалық институтында ассистент, оқытушы, «Дабл Холдинг.Инк» корпорациясының сатып алу және есепке алу координаторы, Қазақ гуманитарлық заң колледжінің оқытушысы, қалалық мәдени-демалыс паркінің директоры, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары болды. Қызылорда қаласы әкімі аппаратында түрлі басшылық лауазымдар атқарған. 

Ал кеше Манарбек Бұхарбаев Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы болып тағайындалды.