Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметіне Әбілхаиров Дәурен Тұрғанбайұлы тағайындалды.

Дәурен Әбілхаиров 1979 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. Ресей Федерациясы Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетін «инженер», Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Башқұртстан Республикасы Ғылым Академиясы энергоресурстарды тасымалдау проблемалары институтының аспиранты. Техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2002 жылы «Торғай-Петролеум» АҚ мұнай-газ өндіру цехының операторы ретінде бастап, әр жылдары кәсіпорында түрлі жауапты қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары «Саутс-Ойл» ЖШС-де, Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өңірлік департаментінде бөлім басшысы болып еңбек еткен.

2019-2023 жылдары Энергетика министрлігінде, «Торғай-Петролеум» АҚ-да басшылық лауазымдарда болған.

2023 жылдан 2024 жылдың қазанына дейін «Торғай-Петролеум» АҚ бас директоры қызметін атқарып келді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Бақтияр Артаев Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына басшы болып тағайындалды.