ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Абдраманов Ермахан Әділханұлы келді.
Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов жеке құрамға жаңадан тағайындалған бірінші орынбасарын таныстырды. ҚР Ішкі істер Министрінің бұйрығымен Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне полиция полковнигі Абдраманов Ермахан Әділханұлы тағайындалды.
Ол ҚР ІІМ-нің Алматы қаласы жоғары мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын жедел уәкіл болып бастаған, әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2022 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.