Қызылорда облыстық табиғи ресурстар басқармасына жаңа басшы келді
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлы тағайындалды.
Ғалымжан Бақтығалиұлы 1981 жылы дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алған.
Еңбек жолын 1997 жылы «Шаған» агрофирмасында бастаған. Әр жылдары Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдерінде жетекші маман, бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, «Мемлекеттік қала құрылыс кадастры» мекемесі филиалының директоры, Қазалы, Сырдария аудандары әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында болды.
2022 жылдың тамыз айынан осы күнге дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы тағайындалды.