Қызылорда театры халықаралық фестивальдің алтын жүлдесін иеленді

Фото: Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының ұжымы халықаралық театр фестивалінде алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады. 

QITFEST халықаралық театр фестивалі 1-6 қазан күндері аралығында Қостанай қаласында алғаш рет ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Иран, Түркия, Грузия елдерінен өнер ұжымдары қатысып, бақ сынады.

— Нәтижесінде А.Островскийдің «Найзағай» драмасын сахналаған қызылордалық театр топ жарды. Қойылымның режиссері — халықаралық, республикалық фестивальдердің лауреаты Дина Жұмабаева, — делінген хабарламада. 

Еске салсақ, қазақ өнерінің қарашаңырағы саналатын М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры осыдан бір ғасыр бұрын сол кездегі ел астанасы Қызылордада шымылдығын түрген еді