QITFEST халықаралық театр фестивалі 1-6 қазан күндері аралығында Қостанай қаласында алғаш рет ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Иран, Түркия, Грузия елдерінен өнер ұжымдары қатысып, бақ сынады.
— Нәтижесінде А.Островскийдің «Найзағай» драмасын сахналаған қызылордалық театр топ жарды. Қойылымның режиссері — халықаралық, республикалық фестивальдердің лауреаты Дина Жұмабаева, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, қазақ өнерінің қарашаңырағы саналатын М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры осыдан бір ғасыр бұрын сол кездегі ел астанасы Қызылордада шымылдығын түрген еді.