Жаңа маусымның шымылдығы әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, әйгілі жазушы Кен Кизидің «Көкектің ұясы» романының желісі бойынша сахналанған «Ку-Ку» трагикомедиясының премьерасымен түрілді.
— «Ку-Ку» трагикомедиясы адам еркіндігі, қоғам мен тұлға арасындағы қайшылықтар, адамгершілік құндылықтар мен өмірдің мәні секілді өзекті тақырыптарды арқау еткен терең философиялық туынды ретінде көрерменге жол тартты. Қойылымның режиссерлік шешімі, актерлердің шынайы ойыны, сахналық безендірілуі мен музыкалық көркемделуі көрермен көңілінен шығып, ерекше әсер сыйлады. Премьера барысында театр артистері жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп, көрерменді қойылымның оқиғасына терең бойлата білді, — делінген театр хабарламасында.
72-ші театр маусымының ашылуы өнер ұжымы үшін ғана емес, өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болды.
Еске салайық, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры 36-маусымының шымылдығын Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясымен ашты.