ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде құқықбұзушы Қызылорда қаласының 39 жастағы тұрғыны Жұлдызай Құдайбергенова екені белгілі болды.
Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.
— Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін еске салады. Заң талаптарын бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген, — делінген ақпаратта.
Бұған дейін Абай облысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде былапыт сөз айтып, алкоголь ішкен 53 жастағы Семей тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ TikTok-та балағат сөз айтқан қызылордалық көше сыпырып жүр.