Қызылорда тұрғыны тікелей эфирдегі әдепсіз сөзі үшін жазаланды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылордалық тәртіп сақшылары TikTok-тың тікелей эфирінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған азаматты анықтады.

Фото: видеодан алынған скрин/облыстық ПД

Тексеру барысында құқық бұзушы Қызылорда облысы Қазалы ауданының 31 жастағы тұрғыны Бақытжан Изатулла болып шықты.

- Ол әлеуметтік желілерде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция әлеуметтік желілер мен тікелей эфирлер қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын еске салады. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, жуырда Қарағанды облысында TikTok-та бейәдеп сөз айтқан әйел жауапқа тартылды.