Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлімдегендей, осыған байланысты жергілікті маңызы бар жолдарда автоматтандырылған салмақ өлшеу станцияларын орнату бағытында ауқымды жұмыс қолға алынды.
- Атап айтқанда, мұндай құрылғылар республикалық маңыздағы Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент автомобиль жолының белгіленген бөліктеріне қойылып жатыр. Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы айналма жол құрылысын мердігер «NNC Group» ЖШС міндетіне алған. Жоба құны – 461 млн теңге. Қызылорда – Шымкент бағытындағы құны 903 млн теңге жобаға жауапты болып «АлемТрансЖол» ЖШС бекітілген. Мердігер жол жабындысы мен арка құрылысын толық аяқтады, - делінген хабарламада.
Бұл нысандар биыл екінші тоқсанда іске қосылмақ. Сол кезде ауыр жүк көліктеріне бақылауды күшейеді.
Еске салайық, өңірде жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде анықтайтын стационарлық жүйе желісі кеңейді.