Жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ел бойынша 124 теміржол вокзалын ауқымды жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді. Бұл — Тәуелсіздік жылдарындағы вокзал инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған ең ірі жоба.
— Жұмыс барысында ғимараттың қасбеті мен ішкі үй-жайлары толық жаңартылды, инженерлік желілер, жылыту, сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелері жаңғыртылды. Вокзалда заманауи күту аймақтары жасалып, навигация жақсартылды, жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілді, — деп хабарлады ведомстводан.
Қазалы теміржол вокзалы өңірдің негізгі көлік нысандарының бірі болып табылады, ол Қызылорда облысының еліміздің басқа өңірлерімен жолаушылар қатынасын қамтамасыз етеді.
Жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырып, вокзалда болу үшін анағұрлым жайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Жалпы Қызылорда облысында бағдарлама аясында 10 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр. Бұған дейін жаңғыртудан кейін Жаңақорған, Шиелі вокзалдары және Талап жолаушылар платформасы пайдалануға берілген болатын.
Қазалы вокзалының ашылуы өңірдің теміржол инфрақұрылымын кешенді жаңартудың кезекті кезеңі болды.
Бұған дейін Қызылордада қайта жаңғыртылған Жаңақорған теміржол вокзалы ашылғанын жаздық.