Облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, оның 213 452-сі — Қызылорда қаласының, қалғаны — аудандардың тұрғындары.
— Облыста 2637 азамат науқанда бірінші рет дауыс беруге мүмкіндік алып отыр. Оның 36-сы 15 наурыз күні 18 жасқа толады, — делінген хабарламада.
Денсаулық жағдайына байланысты учаскеге келуге мүмкіндігі жоқ азаматтардың өз құқығын пайдалануына жағдай жасалып отыр.
— Олар 15 наурыз күні түскі сағат 12.00-ге дейін өтініш қалдыра алады. Мұндай жағдайда комиссияның 2 мүшесі тасымалданатын жәшікпен дауыс беруді ұйымдастырады. Қазіргі таңда облыс бойынша 1668 азаматтан өтініш түсті. Бұл цифр әлі көбейеді. Ал учаскеге келе алатын мүгедектігі бар дауыс берушілер үшін 15 наурыз күні 63 инватакси және 49 ымдау тілі мамандарының кезекшілігі ұйымдастырылады, — делінген комиссия мәліметінде.
Мүгедектігі бар азаматтар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның мәтіндік және аудио нұсқадағы жобасымен таныса алады.
Ал осы күні Қызылорда қаласында қоғамдық көліктер халыққа тегін қызмет көрсетеді.