Қызылорда қаласында бес күннен бері іздестірілген 18 жастағы бойжеткен аман-есен табылды, деп хабарлайды Kazinform.
Қызылорда қаласында тұратын 18 жастағы бойжеткен 17 желтоқсанда сағат 9:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.
Іздестіру жұмыстарына Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Іздеу шаралары аясында әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды.
«Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бойжеткен 21 желтоқсан күні кешкі уақыт 22:00-де қала аумағынан табылып, ата-анасына тапсырылды. Полицейлер табылған бойжеткенмен және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.