Қызылорда автобус паркінің мәліметінше, осыған байланысты 25 тамыздан бастап қалаішілік автобус бағыттары күшейтілген жұмыс режиміне көшеді.
— Қазіргі таңда үлкен сыйымдылықтағы автобустар қалалық бағыттар бойынша қызмет көрсетіп жүр. Олардың қозғалыс интервалы — орта есеппен 12-15 минут. Көліктердің техникалық жағдайы күн сайын тексеріліп, ақау анықталған жағдайда қызмет көрсетуден босатылып, орнына резервтік автобус жіберіледі. Жаңа оқу жылында оқу орындары орналасқан аумақтардағы жолаушылар ағыны ескеріліп, автобустардың қозғалыс интервалы барынша қысқарады. Сонымен қатар қозғалыс кестесінің қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі, — делінген хабарламада.
Ал жуырда Өскемен қаласында қоғамдық көліктегі жол жүру тарифін сегіз жылдан кейін алғаш рет қайта қарау ұсынылды.