ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 3 жастағы ұл бала төртінші қабаттан құлап кетті. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Оқиға облыс орталығындағы «Арай-3» шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан 2021 жылғы ұл бала құлап кеткен.
«Сәби алған жарақатына байланысты ауруханаға жатызылды. Балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Оның соңы қайғылы жағдайға душар етуі ықтимал», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Ведомство мәліметінше, бұл – жыл басынан бері қайталанып отырған екінші жағдай. Былтыр дәл осындай 14 оқиға тіркелді. Оның 1-і Жаңақорған ауданында болса, қалғаны облыс орталығында тіркелген.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада ҚАЖД бастығы суға батқан баланы құтқарып қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.