Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру кезінде деструктивті діни ағым өкілін ұстады.
– Оған қатысты қылмыстық кодекстің 174, 256-баптары бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді. Нәтижесінде Қызылорда қалалық сотының үкімімен әйел кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, есірткі қылмысының жолын кесу мақсатында 1 маусымда басталған «Қарасора - 2025» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылордада есірткі өсірген 32 адам құрықталды.