Облыстық прокуратура балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтағы заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізген.
Нәтижесінде балаларды қажетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, кадрлық рәсімдер және мемлекеттік сатып алу салаларында бірқатар заң бұзушылық анықталды.
— Атап айтқанда, қолданыстағы талап бойынша жамбас органдарының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдарға тәулігіне 4 жөргек берілуі тиіс. Алайда орталықта балаларға күніне 2-3 жөргектен ғана берілген. Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, 56 баланың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Жауапты тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.
Осыған дейін Қостанай прокуратурасы 13 кәсіпкердің құқығын қорғағанын жазған болатынбыз.