Қызылорда қаласында 74 жастағы қария екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Қызылорда қаласында тұратын 74 жастағы Ибрагим Райымбеков 2 қаңтарда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.
«Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері бойы - 1,70 см, арық денелі, шашы ақ түсті, көзі қара түсті. Басында қара түсті қалпақ, қара көк түсті күртеше, ақшыл көк түсті шалбар, аяғында қара түсті етігі болған. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 18 жастағы бойжеткен бес күннен кейін табылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.