ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласында топтық төбелесте үш адамға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды. Бұл оқиғаның болғанын облыстық полиция департаменті растады.
«Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бойынша тергеу жүргізілуде, сараптамалар тағайындалған. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», — деп атап өтті департаменттен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада есірткі сатпақ болған бұрынғы мұғалім ұсталды.
Сондай-ақ, Қызылордада каналдан белгісіз жағдайда қаза тапқан 50 жастағы адамның мәйіті шығарылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.