Қызылордада академиялық театр жетпісінші маусымын аяқтады

Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры жетпісінші маусымын тәмамдады. Бұл туралы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан хабарлады.

Театрдың кезекті маусымында шығармашылық ұжым көрерменге жеті жаңа қойылым ұсынды. Оның ішінде Х. К. Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» қуыршақ қойылымы, Ә.Асановтың «Өз-аға» деректі драмасы, А. Н. Островскийдің «Найзағай» драмасы, Э. Р. Распенің балалар мен ересектерге арналған «Мюнхгаузеннің әлемі» ертегісі және тағы басқа қойылымдар бар. 

Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

— 2025 жылдың алғашқы жартысында театр ұжымы кәсіби белсенділік танытып, шығармашылық табыстарға қол жеткізді. Артистер түрлі деңгейдегі байқаулар мен мәдени іс-шараларда биіктен көрініп, жоғары жетістіктерімен ерекшеленді. Театрдың 70 жылдық мерейтойы аясында «Сырдың Сәбирасы — І» атты халықаралық фестивальді ұйымдастырды, — делінген хабарламада.

Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Өнер ұжымы жетпісінші маусымын жаңа форматтағы жаңа жоба — «Бір толқын» атты концерт- спектакльдің премьерасымен қорытындылады.

Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Ал жуырда Қызылордада қаланың Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасының астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «Үш дәуірдің астанасы — Қызылорда» атты республикалық ақындар айтысы өтті.