Қызылордада «Алтын күз-2025» салтанатты іс-шарасы өтті

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шарада агросаланың бағыт-бағдарына тоқталып, қамбаны толтырып, береке мен бірліктің үлгісін көрсеткен диқандарды құттықтады.

Салтанатты шарада Бақдәулет Махашовқа «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы берілді.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Сонымен бірге «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін», «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, Құрмет грамотасы, Алғыс хаттар табысталды.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Үздік жетістіктерге жеткен озат аудандар марапатталады:

- Балық шаруашылығы саласы - Арал ауданы

- Су үнемдеу технологиясын қолдану - Жаңақорған ауданы

- Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту - Жалағаш ауданы

- Мал шаруашылығы - Қармақшы ауданы

- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу - Қазалы ауданы

- Егін шаруашылығы - Сырдария ауданы

- Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша Шиелі ауданы.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі