19 желтоқсан күні полицияға 52 жастағы облыс тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, белгісіз азамат сеніміне кіріп, ұлын әскерге жібермейтіндей шешіп беремін деп, 300 мың теңге көлемінде ақшасын алдап алған. Kazinform бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бірақ ол уәдесін орындамай, алған ақшасын да қайтармаған. Қазір жәбірленушінің ұлы әскерге шақырылып, Отан алдындағы әскери борышын өтеп жатыр.
Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол 34 жастағы, еш жерде жұмыста жоқ, Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты.
Күдікті УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.