Қызылордада Асанәлі Әшімовтің қатысуымен халықаралық театрлар фестивалі ашылды

Фото: Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM —  Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына орай КСРО Халық артисі Сәбира Майқанова атындағы халықаралық театрлар фестивалі ашылды.

Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Халық артисі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық артисі, Театр қайраткерлері одағының төрағасы, режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов қатысты.

Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Салтанатты рәсімде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәдениет және руханият саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Жиында өңір мәдениетіне елеулі үлес қосқан сала мамандары марапатталды.

Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Асанәлі Әшімов жылы лебізін білдіріп, Тұңғышбай Жаманқұлов Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Дара» медалін табыстады. Рәсімде фестиваль қонағы Сәбира Майқанованың қызы Гүлдәр Әбділқызына құрмет көрсетілді. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Бақытбек Алпысбаевқа «Парасат» ордені табысталды.

Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Фестиваль 25-30 сәуір аралығында өтеді. Оған Грузия, Румыния, Қырғызстан мемлекеттерінен, Жезқазған, Семей, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Қостанай және Алматы облыстарынан театрлар қатысады.

Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Бағдарламада Островский, Шекспир, Маркес, Айтматов сынды әлем және түркі әдебиетінің классиктерінің туындылары, сондай-ақ қазіргі қазақ драматургиясының үздік шығармалары көрерменге ұсынылады. Театрсүйер қауым драма, трагедия, комедия, перформанс және эксперименталды қойылымдарды тамашалай алады. 

Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Фото:Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Еске салайық, 100 жыл бұрын Қызылорда астана атанғанда қала халқының саны қанша екені туралы жазған едік.