Оның бір бөлігі бюджет және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталмауы салдарынан тіркелген.
- Қаржылық заңсыздыққа жол бергендер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аудиторлық іс-шара нәтижесінде, сонымен қатар Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасы, прокуратура органдарының ұсынысы мен тексеру комиссиясының материалдары негізінде әкімшілік құқық бұзған аудит объектілерінің 84 лауазымды өкіліне қатысты 135 әкімшілік хаттама толтырылып, келтірілген шығын толығымен бюджетке өтелді. Құқық қорғау органдарына жолданған материалдар аясында бюджет қаражатын ұрлау, артық аудару фактілері бар 3 аудит материалы процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық прокуратураға жолданды, - деді департамент басшысы Ербол Күзембаев.
2024 жылдың қазан айында еңбекақы төлемінің заңдылығын бақылауға мүмкіндік беретін «Онлайн бюджеттік мониторинг» ақпараттық жүйесі пайда болды.
- Бұл арқылы қызметкерге тиесілі емес карталық шотқа ақша қаражатын аудару, қызметкерлерге артық төлем жасау, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша артық төлеу, бір айда 1 млн теңгеден астам қаражат аудару және бекітілген орташа лауазымдық еңбекақыдан артық қаражат аудару сияқты келеңсіздіктерге тосқауыл қоюға болады. Алғашында бақылау білім саласы қызметкерлері арасында жүргізілсе, өткен жылдан бастап денсаулық сақтау, спорт және медицина саласы қызметкерлері қатарға қосылды. Мониторинг нәтижесінде жыл басынан бері осы ұйымдарға қатысты 652 төлем тәуекелі бойынша 92 хабарлама жолданды, - деді Ербол Күзембаев.
Бұған дейін Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы Жамбыл ауданындағы мемлекеттік мекемелерге жүргізілген аудит барысында заңбұзушылықтарды анықтаған болатын.