Олардың қатарында қорғаншылық және қамқоршылық, білім беру, денсаулық сақтау, психологиялық сүйемелдеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жәрдемақы алу және құқықбұзушылық мәселелері бар.
- Қазіргі күні мамандардың көмегімен 13 мәселе шешімін тапса, 12 мәселе бақылауда тұр. Мәселен, call орталыққа қоңырау шалған жасөспірім ата-анасы үйде ұрып-соғып, қысым жасағанын жеткізген. Басқарма өкілі, қалалық білім бөлімі жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын орган маманы, облыстық психологиялық қолдау орталығының психологы және учаскелік полиция қызметкерлерінен құралған мобильді топ мән-жайды анықтап, жасөспіріммен кездесті. Ата-анасынан түсініктеме алып, зерттеу жұмысын жүргізді. Қыз бала облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды. Сонымен қатар әлеуметтік көмек алу, алимент өндіру, мектепке орналастыру сынды мәселелер шешімін тапқан, - делінген басқарма хабарламасында.
Өтініштер заңнама талаптарына сәйкес баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қағидаты негізінде қаралып жатыр.
Еске салайық, Жамбыл облысында 204 ерекше баланың құқығы қорғалды.