25 желтоқсан күні Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында облыстық прокуратураның үйлестіруімен қылмыс жасады деген күдікпен 24 және 22 жастағы екі аудан тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктілер аудан аумағындағы далалық жерде ұрланған малды сойып жатқан жерінен қолға түскен.
— Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімінде мал ұрлығы фактісімен қылмыстық іс тіркелді. Айғақты заттар тәркіленіп, іс материалдарына қоса тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілердің мал ұрлығы бойынша басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды, — делінген хабарламада.
Осыдан бұрын Жетісу облысында мал ұрлығына қатысы бар үш адам қамауға алынғанын жазғанбыз.