Оның айтуынша, бағдарламаға қатысушылар бүгіннен бастап өтініш пен құжаттарын электронды түрде kezekte.kz сайтына тіркеп, «Жұмыс істейтін жастарға арналған «SyrJastary» жеңілдетілген ипотекалық несие беру» сервисінде жүзеге асыра алады.
- Бағдарламаның жалпы құны — 1 млрд 700 млн теңге. Оның 1 млрд 200 млн теңгесі облыстық бюджеттен бюджеттік несие ретінде бөлінсе, 500 млн теңге «Отбасы банкі» арқылы қарастырылып отыр. Былтыр бұл бағдарлама аясында 100 жас баспаналы болды. Бағдарламаға ұсынысты 15 күнтізбелік күн ішінде беруге болады, яғни науқан бүгін басталып, 24 қыркүйекте аяқталады. Одан кейін жиналған балл саны бойынша әр санаттағы ең көп балл жинаған қатысушылар іріктеледі. Оларға электронды жолдама беріледі. Жолдама алған жастар «Отбасы банкінде» төлем қабілеттілігін растайды, содан кейін келісім-шарт рәсімделіп, үй табысталады. Бағдарлама аясында қаланың сол жағалауында орналасқан жалпы көлемі 49 және 66 шаршы метрден кем емес 2-3 бөлмелі пәтерден беру жоспарланған, - деді басқарма басшысы.
Жастар сұрақ туындаған жағдайда басқармаға (тел.: 60-53-23) жүгіне алады. Жергілікті жастар ресурстық орталықтарында да кеңес, құжат ұсынуға көмек алу мүмкіндігі қарастырылған.
Ал кеше Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына сауал жолдап, 1%-дық ауыл ипотекасын іске қосуды ұсынды.