ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылыорда қаласында тұрғындар арасында болған атыстан бір адам жарақат алған.
Әлеуметтік желіде айтылғанындай, Қызылорда қаласы аумағындағы Әл-Фараби бөлігінде болған.
Сөзге келіп қалған жас жігіттер арасында атыс болған.
Бір адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.
Бұл оқиғаның болғанын облыстық полиция департаменті растап, түсінік берді.
«Қызылорда қалалық полиция басқармасы тарапынан бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық қатысушының жеке басы анықталып, күдіктіні ұстау бойынша жедел жұмыс жасалып жатыр. Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауында», — деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада адамдарға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.