Қызылордада бортында 3 адам бар АН-2 ұшағы 8 сағаттан кейін табылды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Кеше Төтенше жағдайлар министрлігінің кезекші бөліміне Қызылорда облысында АН-2 ұшағының мәжбүрлі түрде қонғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Таң-Құмкөл бағытында ұшқан ұшақтың бортында 3 адам бар екен.
- Олардың қайда екені белгісіз еді. Байланыс орнату мүмкін болмады. Жедел іздестіруге Төтенше жағдайлар және Полиция департаменттерінің күш-құралдары тартылды. Сонымен қатар ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Іздестіру тобы жоғалғандарды 8 сағаттан кейін айдаладан тауып, Сырдария ауданының Тереңөзек кентіне жеткізді. Олар медициналық көмекті қажет етпеген.
Ал жақында Қызылорда облысында «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ тікұшағы арқылы науқас сәби емдеу мекемесіне жеткізілді.