Өңірлік коммуникация қызметі хабарлағандай, олар ел өміріндегі маңызды саяси науқанға бір отбасының мүшелері ретінде бірлігін көрсетіп, белсенді түрде қатысуды жөн санаған.
- Бұл сәт ауыл тұрғындарына да ерекше әсер қалдырды. Бұл отбасының ынтымағы мен ауызбіршілігін көрсетіп қана қоймай, өзгелерге де үлгі болды. Учаске комиссиясының мүшелері де әулет келіндерінің белсенділігін атап өтіп, оларға алғыс білдірді, - делінген хабарламада.
Жалпы Түгіскен ауылында тұрғындар сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауын жасап жатыр.
Бұған дейін біз Қызылорда облысында мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалғанын жаздық.