Қызылордада бір депутаттық мандатқа үш үміткер таласады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы облыстық және аудандық мәслихаттарға тіркелген кандидаттар тізімін жариялады.

Фото: Kazinform

29 қарашада өтетін сайлау бойынша барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына кандидаттарды тіркеу күнтізбелік жоспарға сәйкес 1 қараша күнгі сағат 18.00-де аяқталды. 

— Нәтижесінде облыстық мәслихатқа 16 округтен 48, қалалық мәслихатқа 23 округтен 69, аудандық мәслихаттарға 97 округтен 292 кандидат тіркелді. Жалпы алғанда бір мандатқа 3 адамнан тіркелді. «Әділет», «Ақ жол», «Ауыл» партиялары 46 адамнан тұратын партиялық тізімдерін ұсынды. Партиялық тізімдердегі әйелдер мен жастардың жиынтық санысақталды. Барлық партия тіркеуден өтті. Орташа есеппен бір мандатқа 3 адамнан тіркелді, — деді комиссия төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.

Бірмандатты сайлау округі бойынша кандидаттардың 314-і — ер адам, 95-і — әйел. Партиялық тізім бойынша кандидаттардың 36-сы — ер адам, 10-ы — әйел.

Еске салайық, кеше Орталық сайлау комиссиясының отырысында саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу тәртібі де айқындалды.