Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мәлімдегендей, сайлаушылар 2 кент және 4 ауылдық округке жаңа әкім сайлайды.
Әкім сайлауы Арал ауданының Сексеуіл кентінде, Қазалы ауданының Аранды, Құмжиек, Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округтерінде, Жаңақорған ауданының Шалқия кенті мен Төменарық елді мекенінде өтеді.
— 6 округте 15 052 сайлаушы дауыс беруге құқылы. Сайлаушылар үшін 12 учаске құрылады. Күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну құжаттары қыркүйекке дейін қабылданады, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін 13 тамыз күні Ақтөбе облысындағы 8 ауылдың әкімі сайланған еді.