Қызылордада бүйрек трансплантациясына байланысты күрделі ота жасалды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылордада облыстық көпбейінді ауруханада бүйрек трансплантациясына байланысты күрделі ота жасалды. Ота барысында 24 жастағы азаматшаға 45 жастағы апасы донор болды.
Фото: Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасы
Науқасқа терминалды бүйрек жетіспеушілігі диагнозы қойылған. Ол ең алғаш 2018 жылы трансплантация жасатқан. Ол кезде ағасы донор болған. Алайда науқас пандемия кезінде COVID-19 дертіне шалдығып, бүйрек ауруын асқындырып алған. Сондықтан науқас екінші мәрте ота жасатуға мәжбүр болған.
Фото: Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасы
«Күрделі отаны аурухана директоры, PhD доктор, трансплатолог Жасұлан Баймаханов, директордың хирургия жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы және А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімшесінің білікті мамандары жасады. Білікті мамандар өз тәжірибесімен еліміздің барлық дәрігерлеріне онлайн шеберлік сағаты арқылы бөлісті. Операция сәтті өтті», — деп атап өтті ауруханадан.
Облыста білікті мамандар артып, күрделі оталар жасалып жатыр. Айта кету керек, бұл — аймақтағы бесінші бүйрек трансплатациясы.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.