Қызылордада бюджет қаражатын жымқырған бас есепшіге қылмыстық іс қозғалды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында бюджет қаражатын жеке есепшотына заңсыз аударып алған бас есепшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Облыс прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді.
Сол арқылы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі заңсыз әрекетін әшкереледі.
- Бас есепші іссапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алған. Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасымен ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2)тармағымен қылмыстық іс тіркелді. ҚР Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабының талабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында балабақша асханасында тышқан жүргені жөнінде бейнежазба тарады.