Скрининг өту барысында науқастан үлкен миоматозды түйін ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықталған. Оның сырқаты бірнеше айға созылған. Науқас өсіп келе жатқан іш пен тартылған ауырсынуға байланысты шағымданған.
«Дәрігерлер тексеруінен кейін оған жатырдың үлкен түйіндік миомасы диагнозы қойылған. Науқас облыстық перинаталдық орталығының гинекология бөліміне жіберілді. Оған бір жарым сағатқа созылған лапаротамия отасы жасалды. Отадан кейін науқас өзін жақсы сезініп, үйіне шығарылды. Ол енді тұрғылықты жері бойынша емханада гинекологтың қадағалауында болады», - деді гинекология бөлімінің меңгерушісі Азиз Құрбанбаев.
Күрделі отаны арнайы ота блогы бар қабылдау бөлімінің меңгерушісі Алексей Ким, гинекология бөлімінің меңгерушісі Азиз Құрбанбаев жасады. Отадан кейін науқас гинекология бөлімінде дәрігерлер бақылауында болды. 2024 жылдың басынан бастап облыстық перинаталдық орталығының гинекология бөлімшесінде әртүрлі мөлшердегі миоманы жою бойынша 15-ке жуық ота жасалған.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 14 бала терезеден құлап кетті.