Облыстық дін істері басқармасы дүкен иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-бөлігінің 3-тармағына сәйкес әкімшілік шара қолданылғанын мәлімдеді.
- Осы орайда Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды тек діни ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға болатынын ескертеміз. Сонымен қатар заң талабына сәйкес діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әзірлеуге, шығаруға және таратуға дінтану сараптамасының оң қорытындысы алынғаннан кейін ғана рұқсат. Осыған байланысты кітап дүкендері мен сауда орындары діни әдебиеттерді сатуды ұйымдастыру кезінде заңнамада белгіленген талаптарды қатаң сақтауы қажет, - делінген хабарламада.
Ал жуырда Алматыда діни экстремизмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды.