Қызылордада екі адамның өліміне күдікті ретінде көршісі ұсталды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласында 8 қаңтарға қараған түні пышақ жарақаты салдарынан қала тұрғыны және оның 34 жастағы қызы көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен хабарлады.
Оқиға туралы полицияға қаза тапқандардың көршілері хабарлаған.
— Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктіні қылмыс орнында ұстады. Ұсталған азамат — жәбірленушілердің көршісі. Аталған дерек бойынша адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, — делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтайды.
— Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы департамент басшылығының бақылауында, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Қызылорда облысында мал ұрлығы бойынша күдіктілер қолға түсті.
Бұған дейін Қызылорда облысында мал ұрлығы бойынша күдіктілер қолға түсті.