ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды.
Жоғалған азаматты іздестіру жұмыстарына екі күн бойы Полиция департаментінің, қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысты.
«23 шілде күні жоғалған адамның денесі табылды. Аталған дерек Қызылорда қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықталуда. Бұл мақсатта қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы күтілуде. Жеке басы анықталған. Тергеу әрекеттері жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында қойшы ауылда әйелін өлтірген күдікті ұсталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.