Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шараның екі күнінде 172 құқықбұзушылық анықталды.
— Оның ішінде шетел азаматтары тарапынан 53 әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, 29-ы ел аумағынан шығарылды. Шетелдіктердің Қазақстанда болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген Қазақстан Республикасының 63 азаматына қатысты әкімшілік шаралар қолданылды, — делінген хабарламада.
Полиция облыс тұрғындарынан шет мемлекеттерден жұмыс істеуге келген азаматтардың заңда белгіленген мерзімде құжатын рәсімдеп, көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауды сұрап отыр. Олай болмаған жағдайда ел заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылатынын ескертті.
Ал Түркістан облысында рейдтік іс-шара кезінде көші-қон заңын бұзудың 300-ден аса дерегі тіркелді.